
Тырнаққа арналған кейбір гель-лактар әйелдердің денсаулығына қауіпті болып шықты. Репродуктивті жүйеге зияны анықталды.
Құрамында триметилбензоилдифенилфосфин (TPO) бар тырнаққа арналған гель-лактар репродуктивті жүйеге қауіпті болуы мүмкін.
NEWS.ru-ге берген сұхбатында, тәжірибе дәрігері Елена Павлова маникюрді ұнататын әйелдерге осындай ескерту жасап отыр. Оның пікірінше, бұл зат ағза жасушаларында мутация тудыруы ықтимал. Әртүрлі ауруларға, соның ішінде онкологияға алып келуі мүмкін.
Еуропалық комиссияның тұтынушылардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми комитеті 2016 жылдан бастап бұл затты косметикада қолдануға қатаң тыйым салған. Өйткені, бұл ұйым оны косметикалық өнімдерде қолдану қауіпсіз емес деген қорытындыға келген.
2023 жылдың 28 ақпанынан бастап Еуропалық одақ аумағында косметика құрамында бұл затты қолдануға толық тыйым салынды.
Мұның алдында қандай жұлдыздардың пластикалық операция жасатқанын жазған едік.