БҰҰ Израильдің Катарға соққы жасағанын айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Катар астанасына жасаған соққысын айыптады.
«Катар отты тоқтату мен барлық тұтқындарды босату ісінде маңызды әрі оң рөл атқарып келеді. Мен Катардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзған бұл өрескел әрекетті қатаң айыптаймын», – деді ол.
Иран Сыртқы істер министрлігі де Израильдің әрекетін «өте қауіпті әрі қылмыстық» деп атап, бұл барлық халықаралық ережелер мен нормаларды өрескел бұзу екенін мәлімдеді.
БАӘ сыртқы істер министрі Абдалла бен Заид әл-Нахайян Катарға қолдау білдіріп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Ол мұндай қадам халықаралық құқықты бұзып, аймақ тұрақтылығына қатер төндіретінін айтты.
Араб басылымдарының мәліметінше, соққыны Кувейт СІМ-і де айыптады.
Дәл осылай Тоқаев та Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны сынға алған еді.
Еске салайық, 9 қыркүйекте Дохада бірнеше жарылыс болды. Кейін БАҚ Израиль әуе күштері ХАМАС басшылары Израильмен Газа секторындағы бітім жайын талқылап отырған ғимаратқа соққы жасағанын хабарлады.
2012 жылдан бері ХАМАС жетекшілері Дохада орналасқан. Солардың бірі, Исмаил Хания, 2017 жылдан 2024 жылға дейін ұйымды басқарды. Кейін оны Газа секторындағы Яхья Синвар алмастырды. Қазіргі кезде саяси бюроны Дохадағы Халед Машаль басқарған еді.