Непалда жағдай ушығып жатыр, премьер-министр отставкаға кетті

Непалда жағдай тұрақты емес. Ел астанасы Катмандуда наразылар парламент ғимаратын өртеп жіберді, деп хабарлайды India Today.
БАҚ дерегінше, наразылар премьер-министр Кхадга Прасад Шарма Олидің резиденциясын да өртеп, оның үйіне және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің үйлеріне баса көктеп кірген. Бұған дейін тоқтамай тұрған жаппай толқуларға байланысты премьер-министр отставкаға кеткені хабарланды.
Кейбір ресурстардың жазуынша, билік өкілдері тікұшақпен астанадан кетуге тырысқанын, алайда наразылар бұған кедергі болып, әуежай маңына өрт қойған. Әлеуметтік желілерде дрондар мен лазерлік көрсеткіштерді пайдаланып әуе кемелеріне кедергі келтіруге шақырған. Қазір Катманду әуежайы жабылды.
Associated Press (AP) хабарлауынша, бұған дейін Непал билігі кейбір әлеуметтік желілерге тыйым салған еді. Бұл шешімнен кейін басталған толқулар кезінде кемінде 19 адам қаза тапқан.