Тоқаев Катарда жарылыс жасаған Израиль билігін айыптады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: әлеуметтік желіден

Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды. Ақорда осындай хабарлама таратты.

 Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді, – деп жазылған хабарламада.

Бүгін, 9 қыркүйек күні Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) өзінің Telegram-арнасында соққы жасалғанын растады. Онда нысана ретінде 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар ХАМАС-тың жоғарғы басшылығы болғаны айтылды.

Қатар ІІМ өкілі бұл әрекетті «қорқақтық» деп бағалап, Израильдің бұл әрекетін қатты сынға алды.

Сондай-ақ оқыңыз