Израиль Қатарға соққы жасады: елде 1,5 мың қазақстандық бар

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар/фото: REUTERS/Ibraheem Abu

Қатарда қазір 1,5 мың қазақстандық бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды KursivMedia.

Мәжіліс кулуарында Бақаев жарылыс салдарынан Қатарда жүрген қазақстандықтар зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Ешкім жүгінген жоқ. Қазір Катарда шамамен 1,5 мың қазақстандық бар», – деді Бақаев.

Айтуынша, жалпы 516 адам консулдық есепке алынған. Дипломаттар олармен үнемі байланысты отыр.

9 қыркүйекте Израиль әскері Дохада бірнеше нысанға әуе шабуылын жасаған. Соққы жасалған жерлердің арасында ХАМАС саяси бюросы мүшелерінің резиденциялары да бар. Олар АҚШ-тың Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылау үшін бас қосқан болатын.

Содан кейін Қазақстан президенті Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды

Қатар билігі Израильдің Дохадағы тұрғын ауданға жасаған әуе соққысына байланысты заңды жауап беру үшін арнайы заңгерлер тобын құрады

Сондай-ақ оқыңыз