Қазақстан мектептегі тәрбие моделін Сингапур және Ұлыбританиямен бөліседі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруға кіріседі/фото: оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құруға кіріседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Астанада «Адал азамат: біртұтас тәрбие» бағдарламасы талқыланған. Жиынға Азия, Еуропа және Қазақстанның профессорлары мен сарапшылары қатысқан.

Министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектептің міндеті тек білімді шәкірт тәрбиелеу ғана емес, адал азаматты қалыптастыру. Ал бағдарламаның құндылықтары оқу процесіне кіріктірілген және пәндердің мазмұнында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс тапқан.

Сондай-ақ мектептерде «Адал Азамат» қағидаттарына негізделген бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Министрлік халықаралық сарапшылар қазақстандық тәрбие моделін жоғары бағаланын жазды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Сингапур және Ұлыбританиямен бірлесіп Халықаралық тәрбие жөніндегі ұйым құру жұмысы басталатын болды.

«Қазір тәрбие мәселесі әлемдік деңгейде аса өзекті тақырыпқа айналды. Қазақстан өз ішінде жүйелі қадамдар жасап қана қоймай, тәжірибесін халықаралық қауымдастықпен бөлісуге әзір. Ал Халықаралық ұйым құру бастамасы жаңа ғылыми ізденістер мен ортақ жобалардың дамуына жол ашады», – деп түйіндеді сөзін Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ оқыңыз