Жаңалықтар

Аутизмі бар балаларды өлтіру керек деген блогер кешірім сұрады

Аутизмі бар балаларды өлтіру керек деген блогер кешірім сұрады
Аутизмі бар балаларды өлтіру керек деген блогер кешірім сұрады / фото: видео кадры

Блогер Райхан Жұмамұратова «аутистер көбейіп кетті, оларды емдеу керек, егер емделмесе өлтіру керек» деген пікірі үшін кешірім сұрады.

Ол ешқандай арам ойы болмағанын, мұндай пікірді эмоциямен айтып жібергенін атап өткен.

«Ауыр сөздер айтқаным үшін аутист балалардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Мен арам, жаман оймен айтқан жоқпын, эмоцияға беріліп айтып қойдым», – дейді ол жариялаған видеосында.

Блогердің даулы сөздерінен кейін «Autism Kazakhstan» ұлттық қауымдастығы Бас прокуратура және ішкі істер министрлігіне ерекшелігі бар балалардың ата-аналарынан түскен көптеген өтінішке байланысты ресми сұрау жолдаған.

Артынша блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Блогердің сөзіндерін Еңбек министрі Светлана Жақыпова да айыптаған.