Депутат Айдос Сарым билікті сынап жүргендерді бір партияға бірігіп көруге шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Депутат Айдос Сарым билікті сынап жүргендерді бір партияға бірігіп көруге шақырды
Депутат Айдос Сарым билікті сынап жүргендерді бір партияға бірігіп көруге шақырды / фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бір палаталы парламентке тек партиялық тізім бойынша баруға болады деген бастамаға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстанда партияға кіремін, тіркеймін деген адамға кедергі жоқ. Ал жылдап тіркеле алмай жүрген партиялардың еш әлеуеті жоқ деп санайды.

«Шындап келетін болсақ, ол партиялардың амбициялары бар, әлеуеті жоқ. Қолдан жасалып жатқан кедергі жоқ. Заңның талабына сай болсаң, жеткілікті. Әркім өзінің жағдайына қарау керек. Амбицияның заманы өтіп бара жатыр ғой. Билікті сынап жүрген 20 адам бір партияға бірігіп көрсін», – дейді ол.

Президент Қ.Тоқаев 8 қыркүйек күнгі жолдауында бір палаталы парламентке өту бастамасын көтеріп, ол партиялық тізім бойынша жасақталғаны дұрыс деген ой білдірген.

Депутат Елнұр Бейсембай депутаттарға өткір мәселені көтеруге партиялық тізім кедергі бола алмайды деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз