Жаңалықтар

Халықаралық резервтегі алтын үлесі артты

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тамыз айында Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 116,4 млрд долларды құраған. Соның ішінде 54,6 млрд доллары Ұлттық банктің халықаралық резерв болса, 61,8 млрд доллары – Ұлттық қордың активі.

Бас банктің халықаралық резерві жыл басынан 19,4%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық банктің ай сайынғы статистикасында жазылған.

Бұл ретте Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің ішінде алтын қоры жыл басынан бері 45,4%-ға өсіп, 34,7 млрд долдарды құраған. Ал еркін айналымдағы валюталық активтер 8 айда 9,4%-ға азайып, 19,9 млрд доларға тең болды.

Ұлттық қордағы валюталық активтер жыл басынан бері 5,3%-ға көбейіп, 61,8 млрд долларға жетті. Ал шілде айымен салыстырғанда 2,18% өсім байқатты.

Бұған дейін сарапшылар 2000 жылдан бері әлемдік орталық банктердің шетел валютасындағы резерв құрылымында АҚШ долларының үлесі азайып келе жатқанын айтқан.