Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады: 11 қыркүйекке ауа райы болжамы
Жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбі, 11 қыркүйек 2025 жылы Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Атмосфералық фронтальды бөліктермен байланысты циклонның әсерінен еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Кей өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда тұман түседі.
Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр.
- Батыс аймақтарда түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;
- Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, кей жерлерде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік, күндіз +8…+16°С, оңтүстік-батысында +23°С-қа дейін;
- Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;
- Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;
- Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;
- Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С;
- Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Осылайша, қыркүйектің ортасында еліміздің басым бөлігіне күздің алғашқы ызғары сезіле бастайды.