Жаңалықтар

Непалда наразылар қаржы министрін шешіндіріп, өзенге құлатып жіберді

Непалда қаржы министрін шешіндіріп, өзенге құлатып жіберді / коллаж: kursiv.media

Непалдың қаржы министрі Прасад Паудел жаппай наразылық кезінде жұрттың шабуылына ұшырады. Ашулы топ министрді шешіндіріп, тек ішкиіммен қалдырған, басына мотоцикл шлемін кигізіп, өзенге айдап жіберген.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қаржы министрін топтың өзен ағысына қарсы қуып бара жатқаны анық көрінеді.

Оқиға елдегі экономикалық қиындықтарға байланысты туындаған жаппай наразылық кезінде болған. Халықпен кездесуге барған министр ашулы жұрттың агрессиясына тап болды. Қашып құтылмақ болған Паудел өзенге секіріп кеткенімен, наразылар соңынан қуып, тыныштық бермеген.

Бұған дейін, наразылар премьер-министр Кхадга Прасад Шарма Олидің резиденциясын өртеп, оның үйіне және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің үйлеріне баса-көктеп кірген еді.