
Қатар билігі Израильдің Дохадағы тұрғын ауданға жасаған әуе соққысына байланысты заңды жауап беру үшін арнайы заңгерлер тобын құрады. Бұл туралы Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Тани Al Jazeera телеарнасында өткен тікелей эфирдегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Әл-Танидің айтуынша, соққы тек ХАМАС қозғалысының штаб-пәтеріне ғана емес, бейбіт тұрғындар тұрған үйлерге де бағытталған.
«Қатар Израиль шабуылына құқықтық жауап беру үшін заңгерлер тобын құрды. Бұл әрекет – халықаралық құқықты да, адамгершілік нормаларын да бұзу», – деді премьер-министр.
Израильдің Дохаға соққысы
9 қыркүйек күні Израиль әскері Дохада бірнеше нысанға әуе шабуылын жасаған. Соққы жасалған жерлердің арасында ХАМАС саяси бюросы мүшелерінің резиденциялары да бар. Олар АҚШ-тың Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылау үшін бас қосқан болатын.