
Министрлік қызметкері директор етіп тағайындау үшін әйел мұғалімді төсекке шақырған. Оқиға Өзбекстанда болған.
Kun ақпаратына қарағанда, білім министрлігінің қызметкері мұғалім сертификат беріп, мектеп директоры қызметіне тағайындауға уәде еткен. Есесіне әйелден төсек қатынасын талап еткен.
Мұның алдында әлеуметтік желілерде Мектепке дейінгі және жалпы білім беру министрлігінің қызметкері Х.Х.-ке тиесілі делінген аудиожазба тарады.
Жазбада ер адам әйелге сағынғанын айтып, интимдік жақындық ұсынады. Кейін оған сертификат алып беруге уәде етеді.
«Саған сертификатты жасап беремін. Сенде Хасан-ағаң бар, қорықпа. Кейін өзім жақсы мектепке директор етіп қоямын. Директор болуыңа көмектесемін», – дейді ол.
Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Дилфуза Сабирова жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл қызметкер қызметінен босатылған.
«Аталған министрлік қызметкері қазір жұмыстан шығарылды. Айта кету керек, министрлік саладағы кез келген сыбайлас жемқорлық пен мүдделер қақтығысына үзілді-кесілді қарсы. Сондай-ақ біз жүйе қызметкерлерінің барлығы кәсіби этика нормаларын қатаң сақтауы қажет деп санаймыз», – делінген мәлімдемеде.
Министрлік осындай заңсыз әрекеттерге жол берген қызметкерлерге заңнамаға сәйкес қатаң шара қолданылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Өзбекстанда адамдарды рұқсатсыз түсіруге тыйым салынуы мүмкін.