Жаңалықтар

Жүкті әйел Баку метросында босанып қалған

Нәресте 25 жасқа толғанға дейін метроны тегін пайдаланады / фото: KursivMedia мұрағаты
Нәресте 25 жасқа толғанға дейін метроны тегін пайдаланады / фото: KursivMedia мұрағаты

Жүкті әйел Баку метросында босанып қалды. Асмар Магеррамова сәбиін дүниеге әкеліп, тосын оқиғаның әсерінен әлі шыға алмай жүр.

Report ақпаратына қарағанда,  бұл жағдай оның отбасын бүкіл Әзербайжанға танымал еткен.

Әйелдің айтуынша, бұл – оның екінші жүктілігі. Кешке қарай әлсіз толғақ басталып, дәрігер тексерілуге шақырған.

«Ертеңгісін енем екеуміз клиникаға автобуспен бара жатқанбыз. Кенеттен толғақ күшейіп кетті. Метромен жылдамырақ жетеміз деп ойладық. Бірақ сәбиімді тура жерастында босанатынымды елестете де алмадым. Бізге жаны ашыған азаматтар көмекке келді. Тіпті ұлыма Жасур (батыл, ержүрек) деп ат қоюды ұсынды», – дейді ол.

Айта кетейік, бұл – Баку метрополитенінде тіркелген алғашқы босану оқиғасы. Баку метрополитенінің басшылығы жаңа туған нәрестеге 25 жасқа толғанға дейін метроны тегін пайдалануға шешім қабылдады.