Жаңалықтар

Бір палаталы парламент қандай мүмкіндіктер береді – депутат пікірі

Депутат бір палаталы парламент құрудың артықшылықтарын айтты / Фото: kursiv.media архиві

Мәжіліс депутаты Марат Башимов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру туралы бастамасына қатысты өз пікірін білдірді.

Мәжілісмен мұндай тәжірибе көптеген унитарлық мемлекеттерде барын айтады. Заң шығару ісінде бір палаталы Парламеттің беретін мүмкіндіктері өте көп екенін атап өтті.

«Бір палаталы Парламент болса заңдар тез қабылданады. Жауапкершілік күшейеді, тікелей халық сайлайды. Сенаттың құзыреттері мәжліске өтеді. Ол қандай құзереттер дегенге келсек, кейбір билік иелерін Сенат тағайындайды. Оның барлығы мәжіліске өтсе, оның құзыреті күшейетіні анық. Ықпалды парламент деп осыған дейін айтып жүрген едік, міне соған жәймен келе жатырмыз»,  деді депутат.

Башимов бір палаталы Парламенттің бюджетті үнемдеу ісінде де зор пайдасы барын айтты.

Еске салсақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елде парламенттік реформа жүргізіп, бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерген болатын.