Жаңалықтар

Freedom Bank “Өрлеу” бағдарламасы бойынша кредитті бірінші болып цифрландырды

Суретте: Freedom Bank

Кәсіпкерлерге енді қағазбастылыққа уақыт кетірудің қажеті жоқ. Freedom Bank «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде бірінші болып ЖШС үшін цифрлық кредитті іске қосты. Енді микро, шағын және орта бизнес иелері үйден шықпай-ақ, 12,6% тұрақты мөлшерлемемен кредит ала алады. Кредит кепілсіз және комиссиясыз беріледі.

Онлайн-кредитке өтінім беру үшін corpcredit.bankffin.kz сілтемесіне өтіп, компанияның БСН нөмірі  мен директродың ЖСН және телефон нөмірін енгізу жеткілікті. Кредит бойынша құжаттар автоматты түрде қалыптастырылады және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қойылады. Өтінім бойынша шешім  қабылдау уақыты 3 сағатқа созылады, ал қаражат  24 сағат ішінде шотқа түседі.

Айналым қаражатын толықтыруға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы — 200 млн теңге, мерзімі — үш жылға дейін. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және экономиканың  басқа да маңызды салаларына беріледі.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі:
 «Цифрландыру тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, барлық кезең мен процесті автоматтандыру бағдарламаны нарықтың барлық қатысушысы үшін барынша қолжетімді етеді. Мысалы, 7-20-25 бағдарламасымен де солай болды.  Цифрлық ипотека ойын ережелерін өзгерткенде, біз осы бағдарлама аясында нарықтың 50%-дан астам үлесін иелендік.
Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін қарыздарға  қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Freedom Bank пен  «Даму» КДҚ арасындағы ынтымақтастық туралы жариялағаннан кейін, еліміздегі филиалдарымызға жүздеген өтініш келіп түсті. Ауылдық жерлердегі кәсіпорындарға ең көп қолдау қажет екені белгілі болды. Осыған байланысты біз «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кредит алу процесін цифрландырып, оны компаниялар үшін барынша қолжетімді етуді мақсат еттік. Бұл жеңілдетілген қаражатты алуды оңайлатып, бағдарламаны бизнес үшін ыңғайлы етеді. Екі айдың ішінде банк 40 млрд теңгеден астам сомаға  жобаларды мақұлдады және цифрландырудың арқасында бұл көрсеткішті айтарлықтай арттырамыз деп отырмыз».

Фархат Сәрсекеев, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрағасы:
«Даму» қоры үшін басты міндет – бизнестің дамуына жұмыс істейтін құралдарды жасау. «Өрлеу» бағдарламасы аясындағы цифрлық кредитті іске қосу – Freedom Bank-пен тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Кредиттеуді цифрландыру бірқатар маңызды міндеттерді шешеді: мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттырады, қарыз беру процесін жеделдетеді, ең төмен еңбек шығындарымен шешім қабылдаудың айқындығын қамтамасыз етеді. Freedom Bank мұндай өнімді іске  асырғанына қуаныштымыз және өзге банктер де ұқсас сервистерді енгізеді деп үміттенеміз».

Лицензия:  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген №1.1.108 лицензиясы, 25.06.2024 ж.