Металл қабылдау пунктінде үш адам қайтыс болды
Жарияланды

Алматы облысында металл қабылдау пункттерінің бірінде үш адам қайтыс болды. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған. Белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам қаза тапты.
«Олардың мәйіті оқиға орнынан табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.