Бір қалада жылу беру маусымы басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Павлодарда жылыту маусымы басталды/фото: shutterstock

Павлодарда жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ мен әкімдіктің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Осылайша, қала әкімдігі қаулысына сәйкес 10 қыркүйектен бастап Павлодарда жылу беріліп жатыр. Ең алдымен ауруханалар, мектептер, балабақшалар сияқты әлеуметтік мекемелерге жылу беріледі.

Көппәтерлі тұрғын үйлер жылыту жүйесіне кейінірек қосылады.  Ережеге сәйкес, тұрғын үйлерге жылу қосу үшін сыртқы ауа температурасы үш күн қатарынан +10 °C немесе одан төмен болуы қажет.

Айта кетейік, қыркүйекте республика аумағында күн салқын болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы төмендеп, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жаууы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс өңірде үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған.

Сондай-ақ оқыңыз