Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, президентке экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат берілген.
Марат Омаровтың айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалған. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілгенін мәлімдеген.
Қазір 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал агенттікке осы саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған.
Президент экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.