Тоқаев: парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде президент Парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды.

«Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайтуды көздейді. Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» қағидаты сақталады. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау қажет. Сол себепті мен саяси жоспарларымыз туралы алдын ала айтамын», – деді президент.

Бұған дейін Тоқаев елде парламенттік реформа жүргізіп, бір палаталы парламент құрылатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз