Жаңалықтар

Екі самокатшы көшеде төбелесіп қалды

Екі самокатшы көшеде төбелесіп қалды
Екі самокатшы көшеде төбелесіп қалды / фото: видео кадры

Желіде самокат тізгіндеген екі ер адамның төбелескен видеосы тарады.

Көшенің қиылысында бір-бірін қағып кете жаздаған екеу алдымен айтысып, кейін жанжал жаға жыртысқан төбелеске ұласады.

Бірер уақыттан кейін ер адамдарды ажыратып, әркім өз жолымен кетеді. Видеодан ер адамның екеуі де қандай да бір ашық жарақат алмағаны көрінеді.

Қаладағы самокат жүргізушілерге қатысты арыз-шағым көп.

Алматыда арнайы рейд жүріп, бір тәулікте самокатшылар 1 мыңнан астам тәртіп бұзғаны анықталған.

Тіпті олардың бейберекет жүрісін президент дәстүрлі жолдауында тілге тиек етіп, артынша Алматыда самокаттарға бақылау күшейтілген.