«Қазақстан халқына» қоры тағайындаған грант иегерлерінің тізімі шықты
Жарияланды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры әлеуметтік осал топқа жататын талапкерлерге бөлінген грант иегерлерінің тізімін жариялады.
Гранттар 70 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу ұйымдары (ЖОО мен ОВПО) арасында бөлінген. Ұсынылған хаттамаларға сәйкес 449 талапкерге грант берілген.
Санаттар бойынша бөлініс:
- Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары – 1 талапкер;
- Жетім балалар немесе кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 135 талапкер;
- Мүгедектігі бар тұлғалар – 86 талапкер;
- Әлеуметтік аз қамтылған ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы отбасылардан шыққан талапкерлер – 65;
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар – 162 талапкер.
Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қорының бағдарламасы аясында 93 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнына грант негізінде 3 859 студент түскен, ал биылғы грант иегерлерін қоса есептегенде, қордың қолдауымен барлығы 4 308 студент жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болған.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Бұған дейін, қандай мамандықтарға грантқа түсу қиын екенін жазғанбыз.