Жаңалықтар

Шетелдік топ-менеджер Bereke Bank директорлар кеңесінен кетті

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Bereke Bank» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Қазақстан қор биржасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, кеңес мүшесі Дэвид Марк Браун өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан.

Нәтижесінде банктің директорлар кеңесінде үш адам қалды. Кеңесте бейрезидент Качмарек Пётр Януш пен Нассер Абдулла С М Аль-Шариф, Тимченко Андрей Игоревич бар.

2024 жылы «Бәйтерек» холдингі өз иелігіндегі банктің барлық акциясын қатарлық Lesha Bank LLC (Public) компаниясына сатқан болатын.

Осы мәміледен кейін қаржы ұйымы толықтай жеке меншікке өтті. Қатарлық инвестор қазақстандық банкті 65 млрд теңгеге сатып алған.

Қатар инвесторына сатылған соң Bereke bank табысын еселеп арттырды.

Bereke Bank 2025 жылдың алғашқы алты айында 25,8 млрд теңге тапты. Былтыр дәл осы кезеңде банк 16,5 млрд теңге пайда алған.