Жаңалықтар

Жасанды интеллект қаржы нарығының сарапшысы бола ала ма?

Жасанды интеллект қаржы нарығының сарапшысы бола ала ма? / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов жасанды интеллект инвестициялық саладағы сарапшыларды толығымен алмастыра алмайтынын айтады. Бұл пікірді ол Freedom AI Talk талқылауы барысындa айтты. Сарапшының сөзінше, қор нарығы шешімдерінің күрделі болуы оны алгоритмге көшіруін қиындатады.

Әбдікәрімов технологияны тиімді қолдану, нақтырақ айтқанда, модельдерді оқыту мен кері байланыс орнату үшін алдымен нақты деректер қажет екенін атап өтті.

«Қор нарығы модельдеуге болатын объект емес. Ол адамдардың эмоцияларына негізделген және қатысушылардың шешімдері нарықтың өзін тікелей өзгертеді», – деп түсіндірді ол.

Сарапшының пікірінше, AI есептерді талдау және деректер түйіндемесін дайындау сияқты күнделікті процестерді автоматтандыруға көмектессе де, оған үлкен инвестициялық портфельдерді басқаруды сеніп тапсыруға әлі ерте.

«Инвестор машинаның жұмысын ғана емес, мамандардың қарым-қатынасын сезгісі келеді», – деп атап өтті ол.

Алайда бұл технологияның дамуы сарапшылардың рөлін өзгерте алатынын ескере кетті. Мәселен, гипотеза құру және оларды тексеру үшін агенттер AI көмегіне жүгінуі мүмкін. Жасанды интеллекті қолдану кейбір мамандарды ысыруы мүмкін екенін, алайда тәжірибелі сарапшылар сұранысқа ие болып қала беретінін айтады.

2025 фискалдық жылдың қорытындысы бойынша (2024 жылдың сәуірінен 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін) Тимур Турловқа тиесілі Freedom Holding Corp. кірісі 2,1 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Холдингтің таза пайдасы 84,5 млн доллар болса, активтер 8,3 млрд доллардан 9,9 млрд долларға дейін өсті (жылына+19%).

Қазақстанда холдинг Freedom Broker және Freedom Finance Global брендтерімен брокерлік қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, Freedom Holding Corp. құрамына кіретін өзге де еншілес ұйымдар бар, мәселен, Freedom Bank және Freedom Insurance пен Freedom Life сақтандыру компаниялары және т. б.