Lifestyle

Comeback: Ninety One тобы 2 жылдық үзілістен кейін қайта оралды

Ninety one
Ninety Onе тобы шығармашылық үзілістен кейін қайта оралды / фото: instagram

Қазақстандық Q-pop жанрының негізін қалаған Ninety One тобы әлеуметтік желілерінде comeback деп жазба қалдырып, тыңдармандарын қуантты.

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында топ GAP TOUR гастролін аяқтағаннан кейін, шығармашылыққа уақытша үзіліс жариялаған еді. Тур Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткен болатын.

Ninety One тобы 2022 жылы JUZ Entertainment лейблімен келісімшартты тоқтатып, содан бері шығармашылық жолын дербес жалғастырып келеді. Ал 2020 жылы топтың лидері, AZ лақап атымен өнер көрсеткен Азамат Зенкаев ұжымнан кетіп, топ төрт адаммен өнерін жалғастыруға мәжбүр болды.

Осы жылдар ішінде ерекше стилімен, батыл бейнелерімен және тың музыкалық бағыттарымен отандық шоу-бизнесті дүр сілкіндірген ұжым қоғамда үлкен талқылауларға да себеп болғаны белгілі.

Биыл Ninety One тобына – 10 жыл. Жазда бірнеше фестивальдар да бас қосып, өнер көрсетіп үлгерді.