Жаңалықтар

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен бірігеді: Сенат заңды мақұлдады

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен біріктіріледі
Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен біріктіріледі / Фото: shutterstock; бильд-редактор Ахтам Зиперов

Astana Hub Инновациялық технологиялар паркімен біріктіріледі. Сенат депатуттары арнайы заңды мақұлдады.

Депутат Әлібек Нәутиевтің айтуынша, қолданыстағы механизм жер қойнауын пайдаланушылардың Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жыл сайынғы қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау аясында қаражат пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін, түпкілікті нәтижесін бақылауға мүмкіндік бермеген.

«Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушы Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша міндеттемені орындау шеңберінде жіберген қаражатты Қордың мүлкінен алып тастау бойынша тиісті түзетулер енгізіледі», – деді депутат.  

Сонымен бірге Astana Hub-тың аталмыш паркпен біріктірілуі нәтижесінде инновациялық қызметті ынталандыру бойынша бірлескен жұмыс күшейе түспек. Атап айтқанда хабқа жүктелетін міндеттемелер артады.

Олар мынадай:

  • Astana Hub 2030 жылға қарай 10 мың жасанды интеллект-мамандарын оқытуы керек;
  • 1 млрд АҚШ долларына бағаланатын 5 бір мақсаттағы стартап құруы тиіс;
  • 5 млрд АҚШ долларына жыл сайынғы IT қызметтері мен өнімдерін экспорттауға қол жеткізуі қажет.

«Хабқа осындай стратегиялық мақсаттары қойылып отыр. Жалпы, хаб қызметі инновацияларды жан-жақты қолдауға бағытталған», – деді депутат.

Еске сала кетсек, Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа елдеріне Astana Hub базасында инновациялық кампус құруды ұсынған болатын. Бұл қадам Еуро Одақ пен Орталық Азия елдерінің арасында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыруға жол ашатыны айтылған еді.