Қырғызстанда ұстаздар мен дәрігерлерге қол көтергендер қатаң жазаланады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
больница, выживший, нападение, Астана
Қырғызстанда ұстаздар мен дәрігерлерге шабуыл жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады / Сгенерировано нейросетью, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қырғызстанда ұстаздар мен дәрігерлерге қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Көрші ел БАҚ-тары ел парламентінің тиісті заң жобасын қабылдағанын хабарлады.

Басылымдардың хабарлауынша, Қырғызстан парламенті дәрігерлер мен мұғалімдерге шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейтін «Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдаған.

«Соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау, зорлық-зомбылық жасау фактілері жиілеп кетті. Бұл мәселенің қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Қылмыстық кодексте мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Сондықтан бұл өзгерістердің қажеттілігі туындады», – деп мәлімдеген заң жобасын таныстырған Денсаулық министрі Еркін Чечейбаев.

Заңға сәйкес, дәрігерлер мен ұстаздарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасалса, ол үшін қатаң жаза қарастырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда да дәрігерлерге шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. Соңғы 5 жылда дәрігерлерге 170 рет шабуыл жасалған. Мәселен, 2025 жылдың 17 шілдесі күні Қостанай облысында хирургті ауруханаға келген емелуші соққыға жығып, салдарынан дәрігер жансақтау бөліміне түсті. Бұл оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елде дәрігерлерді қорғайтын арнайы заң қабылданатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз