Әйел мұғалім «16 жасар оқушысын зорлады» деген айыппен ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әйел мұғалім тағы да басқа оқушымен төсектес болғанын мойындаған / фото: ИИ
Әйел мұғалім тағы да басқа оқушымен төсектес болғанын мойындаған / фото: ИИ

Әйел мұғалім 16 жасар оқушысын зорлады деген айыппен ұсталды. Оқиға АҚШ-тың Техас штатындағы Valley Mills мектебінде болған.

Kwtx ақпаратына қарағанда, қазір оқушыларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактілер тексеріліп жатыр.

3 қыркүйекте аймақ суперинтенданты Крис Дауди ата-аналарға ресми хат жолдап, 25 жастағы Шелби Лашомбе есімді мұғалім мен қыздар командасының жаттықтырушысы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынғанын хабарлады.

Сот құжаттарына сәйкес, Лашомбе «кәмелетке толмағанға жыныстық зорлық-зомбылық жасау» және «мұғалім мен оқушы арасындағы орынсыз қатынас» баптары бойынша айыпталды.

Даудидің сөзінше, әзірге Valley Mills ISD оқушыларының бұл іске тікелей қатысы жоқ. Дегенмен аймақ полициясымен бірлесіп, толық тергеу жүргізбек.

24 тамызда Макленнан аймағының шериф кеңсесіне куәгерлердің бірінен Лашомбенің 16 жастағы жасөспірімді үйінде сүйіп жатқанын көргені туралы арыз түскен.

Тергеу кезінде жасөспірім полицияға Лашомбе екеуінің бірнеше рет жыныстық қатынаста болғанын растаған.

Лашомбе де тергеушілерге жасөспіріммен алты ай бойы кездесіп жүргенін мойындады.

Сонымен қатар ол 17 жасқа толмаған тағы бір жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскенін де айтып берген.

Құжаттарда «жәбірленушілердің ешқайсысы Лашомбенің тікелей оқушысы болмағаны» көрсетілген.

Мұның алдында Өзбекстанда білім министрлігінің қызметкері директор етіп тағайындау үшін әйел мұғалімді төсекке шақырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз