ЕО Ресей мұнайын сатып алған қытайлық зауыттарға санкция салмақ

Еуропалық комиссия Ресейге қарсы санкциялар тізіміне қытайлық мұнай өңдеу зауыттарын да кіргізбекші. Бұл жайлы дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters жазады.
ЕО қытайлық мұнай зауыттары «көлеңкелі флот» арқылы Ресей мұнайын сатып алып жатыр деп күдіктеніп отыр. Сол үшін жаздан бері арнайы зерттеу жүргізген. Енді санкцияны қабылдау үшін ЕО-ға мүше барлық елдің келісімі керек.
Агенттіктің дерегінше, шектеулердің жаңа пакеті 12 қыркүйекте жариялануы мүмкін. Тізімге Ресейге Батыс шектеулерін айналып өтуге көмектесіп жүрген үшінші елдердің компанияларын да қоспақшы. Орталық Азияның екі елінің банктері де енгізіледі деген болжам бар.
Бұған дейін ЕО 18-ші санкциялар пакеті аясында екі қытай банкін және Үндістандағы Вадинар қаласында орналасқан ірі мұнай өңдеу зауыты Nayara Energy-ді тізімге енгізген еді.
FT-ге сұхбат берген дереккөздің айтуынша, АҚШ Ресей энергия ресурстарын сатып алушыларға осындай кедендік баж енгізуге дайын, бірақ бұл тек еуропалық серіктестердің қолдауына байланысты жүзеге асады. Тағы бір америкалық шенеунік те растады: Вашингтон ЕО Қытай мен Үндістанға қатысты қандай баж енгізсе, соны «айна-қатесіз қайталайтынын» мәлімдеді.
ЕО-ның санкциялық тізіміне Қазақстан да енуі мүмкін. Bloomberg жазуынша, Қазақстанға импортталатын бірқатар жабдықтар Ресейге кіріп, одан әрі қару-жарақ өндірісінде пайдаланады деген күдік бар.