Авто

Ferrari басшысы салық мәселесін шешу үшін бір жыл аула сыпырады

Фото: ашық дереккөзден

Ferrari компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон Элканн салық мәселесін шешу үшін италиялық билікпен келісімге келмекші. Компания басшысы мұрагерлікті заңды жолмен реттеу үшін бір жыл қоғамдық жұмыс істеп, аула сыпырады.

Reuters жазуынша, Элканн ағасы Лапо және әпкесі Джиневрамен бірге салық органдарына 183 млн еуро (шамамен 215 млн доллар) төлейді. Оның орнына билік 800 млн еуро көлемінде бағаланған мұраға салық төлеуден жалтару ісі бойынша тергеуді тоқтатады.

Келісім шарттары бойынша Элканн бір жыл қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді. Нақты қай жерде өтейтіні сот органдары шешеді. Бірақ прокуратура мұндай келісімдер Италияда кінәні мойындау болып саналмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Ferrari бюджетті суперкар шығарды. Жаңа көлік Ferrari Amalfi деп аталады, құны 240 мың еуроға бағаланған.