
Апта ортасында Францияда «Бәрін бұғаттаймыз» атты жаппай шерулер өтті. Мыңдаған адам қала көшелеріне шығып, баррикадалар орнатты, Париж ортасында өрт қойды. Полиция 200-ге жуық адамды тұтқындады деп жазады Euronews.
Шеруге шығуға ел үкіметінің қатаң экономика саясаты, Францияның мемлекеттік бюджет тапшылығын жою үшін екі мерекелік күнді алып тастау деген ұсынысы себеп болған.
Кәсіподақтың есебінше, елдегі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде 715 шеру тіркелген. Оның ішінде денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы мамандар бар. Ал Union Etudiante кәсіподағының дерегінше, 10 қыркүйекте Париж көшелеріне 80 мың студент шыққан. Олардың арасында ел президенті Макронның отставкаға кетуін талап еткендер де болды.
Наразылық тоқтаған жоқ. Шерушілердің сөзінше, 18 қыркүйекте одан да үлкен шаралар өтеді.
Осыған ұқсас жағдай Непалда да өтіп жатыр. Ел жастары әлеуметтік желілерге тыйым салғанына наразы болып, премьер-министр отставкаға кетті.