Каспий құбыры консорциумы миллиард теңге айыппұл төледі

Каспий құбыры консорциумы (КТК) 2025 жылғы 29 тамыздағы теңізге мұнай төгілгеннен кейін келтірілген зиянды сотқа дейінгі тәртіпте өтеді. Шамамен 1 млрд 142 млн теңге айыппұл төледі. Бұл туралы компания сайтында жазылған.
Төтенше жағдайды танкерге мұнай тиеу кезінде болған. Шикізаттың бір бөлігі айлақтағы шлангілер арқылы теңіз бетіне төгіліп кеткен.
«Росприроднадзор теңіз терминалында болған оқиғадан кейін қоршаған ортаға тиген залалды бағалауды аяқтады. Ведомство акваторияны тексеріп, алынған сынамаларды зерттеп, мұнай төгілуінің салдарын жоюға қатысқандардан ақпарат жинап, қажетті есептеулер жүргізді. Нәтижесінде төгілген мұнайдың қайтарылмайтын шығыны 8,43 текше метр немесе 6,7 тонна болғаны анықталды», – деп жазылған хабарламада.
8 қыркүйекте КТК басшылығына су айдынына келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы ресми талап жіберілді. Компания өкілдері ұсынылған материалдарды зерделеп, Ресей Федерациясының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» федералдық заңының 78-бабына сәйкес 10 қыркүйекте төлемді толық көлемде жүзеге асырғанын хабарлады.
Каспий құбыры консорциумы Каспий өңірінен өндірілген шикі мұнайды Ресейдің Қара теңіз жағалауына жеткізу үшін құрылған. Қазақстандағы Теңіз кен орнынан басталып, Ресейдің Новороссийск қаласындағы Қара теңіз терминалына дейін созылады. КҚК Қазақстан мұнай экспортының 80%-ға жуығын тасымалдайды.