Латвия Ресей және Беларусь шекарасы маңындағы әуе кеңістігін жапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Латвияның қорғаныс министрі  Андрис Спрудс / Фото: Reuters

Латвияның қорғаныс министрі Андрис Спрудс Ресей және Беларусь шекарасы маңындағы әуе кеңістігін толықтай жабу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Шектеулер бүгін сағат 18:00-ден бастап күшіне еніп, кем дегенде 18 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлады латвиялық LSM мемлекеттік радиосы.

Спрудстың айтуынша, қазір Латвияға тікелей қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ алдын алу шаралары қажет. Министрдің сөзінше, шығыс шекарадағы әуе кеңістігін жабу аймақты толық бақылауға алуға және рұқсатсыз ұшатын нысандарды анықтауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, Польша 10 қыркүйекке қараған түні жиырмадан астам дронды атып түсіргенін хабарлады. Елдің премьер-министрі Дональд Туск бұл дрондардың ресейлік екенін айтып, шекара маңындағы төрт әуежайды жапты.

Польша билігі Беларусь пен Украина шекарасы бойында ұшуларға тыйым салды. Ресей Қорғаныс министрлігі Польшаның аумағындағы нысандарға соққы беру жоспарланбағанын мәлімдеді. Ал Литва СІМ-і дрондардың Польша аумағына түсуі кездейсоқ болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Сондай-ақ оқыңыз