Solidcore Resources-тың таза пайдасы үш есе қысқарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Solidcore Resources

Алтын өндіруші Solidcore Resources компаниясының жарты жылдық таза пайдасы үш есеге қысқарды. Бұл жайлы AIX-тегі қаржылық есебінде жазылған.

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында компанияның таза табысы 85 млн долларды құрады. Бұл 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (238 млн доллар) 2,8 есе аз.

Таза табыстың төмендеуіне компания кірісінің азаюы әсер етті. Жылдық көрсеткіш 704 млн доллардан 325 млн долларға дейін, яғни 53,8% кеміген.

Жыл басынан бері компания активтері 1,4% немесе 29 млн долларға азайып, 2 млрд долларға жетті. Міндеттемелер де төмендеп, 432 млн долларды құрады.

2023 жылдың тамызында Қазақстанда алтын мен қалайы өндіретін Solidcore Джерси аралынан МФЦА-ға редомициляциялау рәсімін аяқтады. Кейін компания Ресейдегі барлық активтерін 3,69 млрд долларға сатқан.

Қазақстанда Solidcore Абай облысындағы Бақыршық (Қызыл), Қостанай облысындағы Варваринское мен Комаровское кен орындарын игереді. Сонымен қатар, 2024 жылы компания Солтүстік Қазақстан облысындағы Сырымбет сирек жер-полиметалл кен орнының 55% үлесін 82,5 млн долларға сатып алды.

Былтыр компания алтын өндірісін 42% қысқартты. Оған ресейлік санкция, қажетті шикізаттардың кешігуі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз