Авто

Нұрлан Смағұлов Алматыда Genesis флагманды дилерлік орталығын ашты

Суретте солдан оңға қарай: Hyundai Motor Company вице-президенті, Genesis бизнесін басқару кеңсесінің басшысы Чой Ук, Hyundai Motor Company атқарушы вице-президенті және жаһандық операциялар бөлімінің басшысы Ли Ёнхо, Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Hyundai Motor Company вице-президенті О Ыккюн

Genesis Almaty ашылуында Қазақстанда алғаш рет флагманды G90 Black седаны мен G90 Long Wheel Base ұзын базалы нұсқасы ұсынылды.

9 қыркүйекте Алматыда Genesis премиум корей брендінің Қазақстандағы алғашқы ресми дилерлік орталығы ашылды. Genesis дистрибуциясы Astana Motors құрамына кіреді және автоорталықтың құрылысына компания 2 млрд теңгеден астам (шамамен 4 млн доллар) инвестиция салды.

Ауданы 2 200 шаршы метрді құрайтын Genesis Almaty флагманды дилерлік орталығы қаланың орталық көлік тораптарының бірі Әл-Фараби даңғылы мен Серкебаев көшесінің қиылысында орналасқан.

«Қазақстанда алғашқы ресми Genesis дилерлік орталығының ашылуы брендтің жаһандық өсу стратегиясындағы маңызды кезең. Сонымен қатар, Қазақстанның премиум-класс автокөлік нарығын дамытудағы тағы бір маңызды қадам. Флагманды орталық қазақстандықтарға мәртебелі Genesis автокөліктерін қолжетімді етіп, оларға жоғары дәрежелі сервисті ұсынады. Атап айтарлық жайт, модельдердің бір бөлігі 2024 жылдың күз айынан бері Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады. Осының бәрі Genesis брендінің аймаққа берік ниет және ұзақ мерзімді жоспарлармен келгенін меңзейді», – деді Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Суретте: Genesis Almaty ашылу салтанатының қонақтары

Салтанатты ашылу рәсіміне Корея Республикасынан Genesis брендіне иелік ететін Hyundai Motor Company компаниясының топ-менеджерлерінен құралған делегациясы қатысты. Олардың қатарында Hyundai Motor Company атқарушы вице-президенті О Ыккюн (Oh Ickkyun), Hyundai Motor Company атқарушы вице-президенті және жаһандық операциялар бөлімінің басшысы Ли Ёнхо мырза (Lee Yeongho) және Hyundai Motor Company вице-президенті, Genesis бизнесін басқару Кеңсесінің басшысы Чой Ук мырза (Choi Uk) болды. Алматыдағы орталықтың ашылуына аталған тұлғалардың шараға қатысуы Genesis брендінің дамуы үшін аймақтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Суретте: Флагманды Genesis Almaty дилерлік орталық

Орталықтың сәулеті мен дизайны «Атлетикалық талғампаздыққа» негізделген Genesis философиясын көрсетеді. Корей қонақжайлық құндылықтарына ерекше көңіл бөлінген. Артық нәрселердің болмауы келушілердің назарын люкс көліктерге галереядағы заманауи өнер инсталляциялары секілді аудартады. Қонақтарды корей тілінде сыпайы түрде «Son-nim» («құрметті қонақ»), ал қабылдау алаңын «Tuh» (адамдар мен жерді байланыстыратын кеңістік) деп атайды. Оның ішінде «Jeong» (басқаларға жанашырлық пен қамқорлық) және «Deom» (үмітті ақтау) ұғымдарына негізделген сенім мен қарым-қатынас орнайды.

750 шаршы метр аумақта көрме залы, саябақ және лаундж-аймақ және 500 шаршы метр халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсетуге арналған сервистік блок орналасқан. Дилерлік орталық клиенттерге қызмет көрсетудің кеңейтілген форматтарын, атап айтқанда, автокөлікті ыңғайлы мекен-жайға жеткізетін жылжымалы тест-драйв және көлікті үйден алып кетіп қайта жеткізетін Home to Home қызметін ұсынады.

Ашылу кезінде Қазақстанда алғаш рет флагманды G90 Black седандары мен G90 Long Wheel Base моделінің ұзын базалы нұсқасы ұсынылды. Бұл көліктер кеңістікті, жайлылықты және мәртебелі статусты бағалайтындарға арналған.

Суретте: Genesis G90 Black

«Қазақстанда Genesis G90 сатылымға шығуы – біздің нарық үшін маңызды оқиға. Мәртебелі IIHS TOP SAFETY PICK AWARD сыйлығымен марапатталған брендтің флагманы қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін, инновацияны және премиум жайлылықты біріктіреді. G90 Қазақстандағы люкс седан сегменті үшін жаңа стандарттарды белгілейтін сән-салтанат пен автокөліктің символына айналатынына сенімдіміз», – деді Genesis Auto Kazakhstan дистрибуция басшысы Нұрбек Қарағаев.

Genesis G90 Black 3.5T MHEV AWD 2025 флагманды седан эксклюзивті шектеулі нұсқада ұсынылған. Көліктің құны – 83 600 000 теңге.

Бұл автокөлік озық технологияларды, жайлылықтың ең жоғары деңгейін және ерекше стильді біріктіреді. Керемет Vik Black түсіндегі модель 415 а.к. және 560 Нм айналу мүмкіндігін беретін гибридті 3,5 литрлік турбокомпрессорлы бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Ол небәрі 5,7 секундта 100 км/сағ жылдамдықты қамтамасыз етеді. Өлшемдері 5275/1930/1490 мм, дөңгелек базасы – 3180 мм.

Технологиялар қатарына 14,5 дюймдік сенсорлық экраны бар мультимедиа және 23 динамигі бар Bang & Olufsen аудио жүйесі, интеллектуалды круиздік бақылау, 360° жан-жақты шолу жүйесі, жолды сканерлеу функциясы бар пневматикалық аспа мен  кіріктірілген бейнетіркегіш кіреді.

Genesis G90 Long Wheel Base 3.5Т MHEV AWD 2025 лимузині абсолютті жайлылық пен мәртебені бағалайтындар үшін жасалған. Көлік құны – 95 690 000 теңге. Оның өлшемдері 5465/1930/1490 мм, дөңгелек базасы 3370 мм. Модель екі түсті Obsidian Black / Bordeaux Brown интерьерімен Maui Black талғампаз нұсқасында ұсынылған.

Капот астында 415 а.к. және 560 Нм айналу мүмкіндігін беретін жұмсақ гибридті  3,5 литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқыш бар, ол небәрі 5,7 секундта 100 км/сағ жылдамдықты қамтамасыз етеді. Толық жетекті AWD және жолды сканерлеу функциясы бар электронды басқарылатын пневматикалық аспа барлық жағдайда сенімді және жұмсақ қозғалысқа кепілдік береді.

Салон таза Semi Aniline былғарысынан және ағаштан әрлеу панельдерімен безендірілген, артқы орындағы жолаушыларға массаж бен желдету функциясы бар капитан орындықтары ұсынылған. Инновациялық шешімдерге шуды азайтудың интеллектуалды жүйесі, кіріктірілген ауа тазартқышы және 14,5 дюймдік мультимедиялық жүйе және Apple CarPlay/Android Auto интеграциясы бар 23 динамигі бар Bang & Olufsen премиум аудио жүйесін жатқызуға болады.

Модель жол жолағын ұстау көмекшілері, интеллектуалды круиздік бақылау, 360° жан-жақты камералар, сонымен қатар қақтығыс болдырмау үшін FCA 2.0 және BCA  қауіпсіздік жүйелерінің толық кешенімен жабдықталған.

Genesis G90 Long Wheel Base 2025 премиум сегментте сән-салтанат, технология және жайлылықтың жаңа стандартын белгілейді.

Суретте:Genesis Almaty дилерлік ортлағындағы автокөліктер

Сондай-ақ, Genesis Almaty дилерлік орталығында брендтің негізгі модельдері – G70 Shooting Brake, G80 седаны және GV70, GV80, GV80 Coupe кроссоверлері ұсынылған. Аталған модельдер инновациялық қауіпсіздік жүйелері үшін марапатталған.

2015 жылы Hyundai премиум бөлімшесі ретінде құрылған Genesis қысқа уақыт ішінде Еуропа, АҚШ, Қытай, Таяу Шығыс және Азия елдерінде ұсынылған luxury сегментіндегі жаһандық брендтер қатарына кірді. Негізі қаланған сәттен бастап әлемдік нарықта 2024 жылғы желтоқсандағы қорытынды бойынша 1,3 млн-нан астам автокөлік сатылды.

Astana Motors құрамына кіретін Genesis Auto Kazakhstan дистрибьюторы Қазақстанда брендті 2024 жылдың қараша айынан бастап ұсынады. Genesis автокөліктерін Астанада сағат 10:00-22:00 аралығында қызмет көрсететін Talan Gallery аумағындағы салоннан, ал Алматыда 9:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейтін Genesis Almaty жаңа дилерлік орталығынан сатып ала аласыз.

Бренд және оның модельдері, сатып алу шарттары туралы қосымша ақпаратты Genesis дистрибьюторының ресми сайтынан, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.