Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген «Бітім» филімінің трейлері шықты

Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген тарихи драмалық «Бітім» («Перемирие») фильмінің ресми трейлері мен постері жарық көрді. Жоба алғаш рет қыркүйек айында Испанияның Сан-Себастьян қаласында өтетін беделді «А» санатындағы кинофестивальде көрсетіледі. Бұдан кейін фильм Еуропа елдерінде, Қазақстанда және әлемдік ауқымда Netflix платформасында көрерменге жол тартады.
Фильм жайлы
Режиссері Мигель Анхель Вивас, ол көрерменге танымал «Бумажный дом» телехикаясы арқылы белгілі. Басты рөлдерде — Арон Пипер, Мигель Эрран, Сергей Уфимцев, Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек және Фараби Аққозов.
Фильм Қазақстанда 30 қазанда қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шығады. Ал Еуропалық одақ елдерінде 10 қазаннан бастап көрсетіле бастайды.
Жоба қатысушылары
«Бітім» фильмін испандық Plano a Plano студиясы жүзеге асырып отыр. Бұл студия Netflix пен Amazon-мен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Бірнеше жылға созылған келіссөздер нәтижесінде, жобаны қазақстандық Amanat Capital және UMAI FILM компаниялары қолдап, түсірілімге атсалысты.