Жаңалықтар

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің музыкалық шоуының түсірілімі басталды

Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды / Фото: kursiv.media архиві

Түркістанда «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының түсірілімі басталды. Оның продюсері – танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген.

«Voice Beyond Horizon» жобасына Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің орындаушылары қатысуда.

«Түсірілім барысында олар өңірдің басты туристік және мәдени нысандарында болады. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, көне Отырар қалашығында, Karavansaray туристік кешенінде және этноауылда түсірілім жұмыстарын жүргізеді», – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда.

Қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен келді. Түсірілім барысында олар өңірдің басты туристік және мәдени нысандарында болады. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, көне Отырар қалашығында, Karavansaray туристік кешенінде және этноауылда түсірілім жұмыстарын жүргізеді.

Байқау қатысушыларының өнерін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды. Халықаралық шоу Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Жобаның финалдық кезеңі елордада ұйымдастырылмақ.

«Voice Beyond Horizon жобасын Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе жүзеге асыруда. Аталған телеарна мен оның Mango TV цифрлық платформасын күніне 210 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Осы арқылы әлемдік аудитория Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Димаш қытайлық реалити-шоудың атқарушы продюсері болғаны жөнінде хабарлаған едік.