«СК-Фармацияның» топ-менеджерлері 147 млн теңге табыс тапқан

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазір ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде / Фото: kursiv.media архиві

«СК-Фармация» компаниясының топ-менеджерлері бір жыл ішінде 147,2 млн теңге табыс тапқан. Бұл 2024 жылғы қаржылық есебінде көрсетілген. Қазіргі уақытта бірыңғай дәрі-дәрмек дистрибьюторына қатысты ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Басқарушы құрамның сыйақысы жалақыны, қызмет нәтижесі үшін берілетін сыйақыларды және материалдық көмекті қамтиды. 2023 жылмен салыстырғанда (128,7 млн теңге) бұл көрсеткіш 18,5 млн теңгеге артқан.

«СК-Фармацияны» кім басқарды?

2024 жылғы есепте негізгі басқарушы құрамда алты адамның болғаны көрсетілген. 2020 жылдан бері ұйымды басқарған Ерхат Искалиев 2024 жылдың маусымына дейін бас директор қызметін атқарған. Кейін оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның қызметтен кеуіне антикордың дәрі-дәрмек айналымының барлық кезеңінде анықтаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері себеп болған.

2025 жылғы шілдеден бастап «СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Еркен Жақатай тағайындалды. Ал 2025 жылғы сәуірде басқарушы директор және басқарма мүшесі болып Руслан Нұрмұханов тағайындалған.

Алайда негізгі басқарушы құрамның тағы үш мүшесінің кім екені анықталмады. Қазіргі уақытта компанияны 2025 жылдың шілдесінде басқарма төрағасы болып тағайындалған Нұрлыбек Асылбеков басқарады. Басшылық құрамда сондай-ақ Руслан Нұрмұханов та бар.

Еске салсақ, бұған дйін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі «СҚ-Фармация» компаниясы мен бірқатар фармацевтикалық ұйымдарға қатысты қылмыстық тергеуді бастағынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз