Toyota Corolla 2025: әйгілі седанның жаңа моделі қандай болады

Жарияланды 11 Қыркүйек 2025 16:10

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Toyota-ның жаңартылған нұсқасының дебюті жақында болады деп күтілуде / Фото: Toyota Corolla

Toyota жаңартылған Corolla моделін шығаруға дайындалып жатыр. Оның алғашқы суреттері Қытайдың өнеркәсіп министрлігінің базасында пайда болды. Суреттерге қарағанда, седанның алдыңғы бөлігі айтарлықтай жаңарған. Жаңа капот, бампер, мен фараларына қарасақ, Camry мен Prius-тің соңғы үлгідегі модельдерге ұқсатуға болады.

Айта кетейік Corolla — Toyota компаниясының ең танымал және сұранысқа ие модельдерінің бірі.

Жаңартылған модельдің сыртқы келбетінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Дегенмен артқы бөлігіне көп өзгеріс енгізілмеген, тек шамдардың дизайны өзгеріп, 17 дюймге дейінгі жаңа дисктердің түрлері қосылған. Көліктің силуэті бұрынғыдай сақталған, бірақ жалпы көрінісі заманауи әрі серпінді көрінеді.

Фото: Toyota Corolla

Қытайда Corolla-ның екі нұсқасы қолжетімді болады:

  • Бензинді нұсқасы — 2 литрлік, 171 ат күшіне ие қозғалтқышпен;
  • Гибридті нұсқасы — 1,8 литрлік (98 а.к.) қозғалтқыш пен жаңа типтегі аккумулятормен жабдықталған.

Модельдің өлшемдері: 4710×1780×1435 мм, дөңгелек базасы — 2750 мм.

Техникалық сипаттамалары өзгеруі мүмкін деген болжам бар, бірақ ресми түрде хабарланбады.

Сатылымның басталу күні әзірге жарияланған жоқ, бірақ модель сертификаттаудан өткендіктен, оның Қытай нарығындағы дебюті алдағы уақытта өтеді деп күтілуде.

Осыған дейін танымал автоблогер әрі интернет-сериал жұлдызы Артём Карокозян көпшіліккеToyota Camry-дің артықшылығын атаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз