
Елімізде Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Дайындық Маңғыстау облысында басталады. Ол жерде «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
«Дайындық барысында 12 қыркүйектен бастап бірқатар облыс аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады», – делінген ақпаратта.
Сол уақытта жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.