Жаңалықтар

Алматыдан 187 шақырым жерде жер сілкінді

Қордайда екі балдық жер сілкінісі тіркелді/фото: shutterstock

Қордай ауданында екі балдық жер сілкінісі тіркелді. «Сейсмологиялык зерттеу институты» хабарлауынша, дүмпу 12 қыркүйек Астана уақытымен 12:57-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста Қырғызстан аумағында орналасқан. Қордай ауданында 2 балл сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.