Министрлік елде газ өндіру көлемі азайғанын жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Газ өндірісі жеті айда 9,2%-ға өскен/фото: энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің хабарлауынша, өндіріс көлемі жеті айда 9,2%-ға өскен.

«2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 17,3 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық», – делінген ақпаратта.

Ведомство БАҚ-та тараған өндірудің төмендегені жөніндегі ақпарат ресми деректерге сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Ұлттық статистика бюросының жедел деректері оң динамиканы растайды: өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ды құрады», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз