Қазақстан-Британ университеті бір жылда 2,2 млрд теңге пайда тапқан

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Университеттің таза пайдасы 37,5%-ға өсті/фото: kbtu.edu.kz

Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 2,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қаржылық есептіліктің депозитарийі жарияланған құжатта көрсетілген.

Құжатта ҚБТУ-дың жалғыз акционері 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдағаны айтылған. Яғни, пайда акционерлерге емес, университеттің өз дамуына жұмсалады.

Дәл осындай шешім 2022 жылдың қорытындысы бойынша да қабылданған болатын, ол кезде университеттің таза пайдасы 1,6 млрд теңгені құраған. Ал 2023 жылға қатысты ақпарат ашық дереккөздерден табылмады.

Айта кетейік, университеттің Назарбаевтар әулетінен қайтарылғаны туралы ақпарат 4 наурызда тарады.  Қаржы есептілігі депозитарийінде ЖОО-ның «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорынан» (NNEF) қайтарылып,  «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» меншігі ретінде тіркелгенін туралы ақпарат жарияланды. Мұндағы «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының» құрылтайшысы – Динара Құлыбаева мен Галина Самарская және Асқар Нұрпейісов.

Сондай-ақ оқыңыз