Жаңалықтар

Трамп жақтасы Чарли Киркті өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді

Трамп жақтасы Чарли Киркке жасалған қастандыққа қатысты ақпарат берді/фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Turning Point USA ұйымының негізін қалаушы және белсенді Чарли Киркке қатысты қылмыс бойынша күдіктінің ұсталғанын айтты.

«Оны ұстағанымызды сенімді түрде айта аламын. Ол қамауға алынды», – деді Трамп Fox News эфирінде.

Президенттің айтуынша, ол тергеу кезінде жүргізілген ауқымды жұмыс нәтижесінде қамауға алынды.

Қыркүйекте АҚШ-та белгілі саяси белсенді әрі Дональд Трамптың жақтасы Чарли Киркке қастандық жасалды. Оқиға Юта штатының Utah Valley университеті кампусында ел алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болды.

31 жастағы Киркке белгісіз біреу 100–200 метр қашықтықтан оқ атқан. Мойнынан жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дегенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.