Демалыс күндері кей өңірде ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді

«Қазгидромет» 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Температуралық жағдайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- елдің шығысында түнде 0-9° жылы, күндіз 10-22° жылы;
- елдің оңтүстігінде түнде 10-16° жылы, күндіз 17-28° жылы;
- орталықта түнде 1-9° жылы, күндіз 12-20° жылы.
- солтүстікте, солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 12-19°;
Батыста, оңтүстік-шығыста температуралық жағдайда айтарлықтай өзгеріс болжанбайды.
Бұған дейін, Қытайда тайфун соғып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланғанын жазғанбыз.