Жаңалықтар

Полиция үш күн бойы халық көп шоғырланатын орындарды тексереді

Полиция үш күн бойы халық көп шоғырланатын орындарды тексереді
Полиция үш күн бойы халық көп шоғырланатын орындарды тексереді / фото: shutterstock

Ішкі істер министрлігі елде бойынша 12-14 қыркүйек аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтетінін хабарлады.

Министрлік полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейткенін айтады.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізілмек.

Басты мақсат азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту екенін атап өтті.

Бұған дейін, полиция жүк көліктерін негізсіз тоқтатуды тыйып, бизнесті тексеруді азайтатыны хабарланған.