Мас күйінде көлік тізгіндеген полиция майоры өзін тоқтатқанда қашып кетпек болған
Жарияланды

Оралда полиция майоры мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші құқығынан айырылды.
Ол патрульдің тоқтау туралы заңды талабын орындамай, оқиға орнынан қашпақ болған. Кейін ұсталған кезді мас күйінде көлік басқарғаны анықталған
Полицейге қос айып тағылған:
• ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі – мас күйінде көлік жүргізу,
• ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі – полиция қызметкерлерінің тоқтау талабын орындамау.
Нәтижесінде сот шешімімен полиция майоры 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 157 280 теңге көлемінде айыппұл төлеген. Сондай-ақ істің материалдары тәртіптік жауаптылық мәселесін шешу үшін БҚО Полиция департаментіне жолданған.
Бұған дейін, Жетісуда мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған.