Lifestyle

Сырым Исабаев неліктен сахнамен қоштасуға мәжбүр болғанын айтты (видео)

Сырым Исабаев неліктен сахнамен қош айтысуға мәжбүр болды
Сырым Исабаев неліктен сахнамен қоштасуға мәжбүр болғанын айтты / фото: видео кадры

Жарқ етіп шығып, аз уақытта көптің көзайымына айналған әнші Сырым Исабаев кейінгі он жылға жуық уақыт бойы өнер әлемінен алыстап кеткен еді. Әнші енді қайтадан үлкен сахнамен қауышқалы жатыр.

Әнші журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында он жыл бойы қайда болғанын, неге жоғылып кеткенін айтып берді.

Сырым Исабаев өзінің кеңінен танылуына көп септігін тигізген Қайрат Нұртаспен шығармашылық серіктестігі жүйелі әрі табанды жұмыстың жемісі болғанын айтады. Исабаевтың әкесі жобаға қаржы құйып, продюсер Гүлзира Айдарбекова жұмысты жүйелеп отырған. Сырым Қайратпен өнердегі жолы екіге айырылғаннан кейін де сұраныстағы әнші болған, тойдан босамаған. Алайда өзі жұмысында жүйе жоғын байқай бастаған.

«Жеке өзім жұмыс істеп жүргенде тойдан қолым босамай, шамалы шаршаңқырадым. Жүйені құрып үлгере алмадым. Жүйе құрылмағаннан кейін, адам ауытқи бастайды. Хит өзінен туатын зат көрінгенімен, оған үлкен еңбек керек, талқы керек. Сол кезде менің бір-екі әнім ауытқи бастады, оны өзімнің ішім сезді. Содан кейін үзіліс алғым келді. Сол кезде не істедім, қалай істедім, жалпы үзіліс алып барып, істемесем болмайтын болды. Сондықтан осы шешімді қабылдадым», – дейді ол.

Айтқан сөзі жүрегімде қалып кетті | Сырым Исабаев - Talk Like

Әнші бұл шешіміне өкінбейтінін, үзіліс ұзақ болды деп санамайтынын, ол уақытта кәсібін дөңгелеткенін жеткізді.

Бұған дейін, Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен жолы неге екіге айырылғанын айтқанын жазғанбыз.