ЕАЭО статистикасы: жұмыссыздық бойынша Қазақстан көш бастап тұр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
жұмыссыздық
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жұмыссыздық бойынша көш бастап тұр / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жұмыссыздық бойынша көш бастап тұр. 2025 жылғы шілденің соңындағы ресми дерекке сәйкес, елімізде тіркелген жұмыссыздық деңгейі еңбек күшінің 3,8%-ын құрап, одақтағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл – 369,1 мың адам.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, жалпы ЕАЭО бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 752,1 мың адамды құрады. Бұл еңбек күшінің 0,8%-ына тең және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға төмен.

Елдер бөлінісінде Ресейде тіркелген жұмыссыздық 0,4% (297,1 мың адам), Беларусьте – 0,1% (4 мың адам), Қырғызстанда – 1,6% (45,3 мың адам), ал Арменияда – 2,7% деңгейінде болды.

Халықаралық еңбек ұйымыны бағалауы Қазақстандағы еңбек нарығының күрделі екенін көрсетеді. II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық 4,6%-ға жетті. Салыстырар болсақ, Ресейде – 2,2%, Беларусьте – 2,6%, Қырғызстанда – 3,7%, ал Арменияда – 14% деңгейінде тіркелді.

Алайда Қазақстандағы нақты табыс өсімі ЕАЭО-да соңғы орында келеді. Сонымен қатар Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша көш бастады.

Сондай-ақ оқыңыз