Жаңалықтар

Зейнетақы активтері: қай басқарушы көбірек табыс тапты

БЖЗҚ
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 24, 35 трлн теңгеден асты. Соның 24,28 трлн теңгесі Ұлттық банктің (ҰБ) басқаруында.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, Ұлттық банктің басқаруындағы активтердің табыстылығы 4,68%-ды құрап, 1,12 теңгеге жеткен. Ал соңғы 12 айдағы кіріс көлемі 3,28 трлн теңгені құрады. Тиімділік көрсеткіші сәйкесінше 4,68% және 14,74% деңгейінде болды.

Жеке басқарушылар арасында актив көлемі бойынша көш бастап тұрған – Halyk Finance. Компания 38,65 млрд теңгені басқарып отыр. 2025 жылдың басынан бері бұл компания 2,07 млрд теңге инвестициялық табыс әкелді. Осы кезеңдегі табыстылығы 5,34%, ал соңғы 12 айдағысы — 15,26%.

Alatau City Invest шамамен 12,6 млрд теңгені басқарып отыр. Биылғы қаңтардан бері компания 720 млн табыс тапты. Жылдық табыстылық көрсеткіші 13,92%, бұл нарықтағы ең жоғары нәтижелердің қатарында.

BCC Invest басқаруындағы актив көлемі 7,28 млрд теңге болса, жыл басынан түскен табыс 445 млн теңгені құраған. Соңғы 12 айдағы табыстылық 13,68%, ал жыл басынан бергі табыстылығы 6,81% болды.

Halyk Global Markets басқаруында 6,16 млрд теңге бар. 2025 жылдың басынан бергі табыс көлемі 303 млн теңге. Соңғы 12 айдағы табыстылық 13,87%, жыл басынан бергісі 5,04% деңгейінде.

Ал табыстылық бойынша көшбасшы — Сентрас Секьюритиз. Компания небәрі 2,77 млрд теңгені басқарғанымен, 2025 жылдың басынан бері 210 млн теңге табыс әкелді. Соңғы 12 айдағы кірістілігі 17,56%, бұл барлық басқарушы арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

ҰБ басқаратын актив портфелінде Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) үлесі жыл басынан бері 41,4%-дан 42,4%-ға дейін өсті. Ақшалай мәнде бұл көрсеткіш 9,3 трлн теңгеден 10,4 трлн теңгеге жеткен.

Сыртқы басқарудағы активтердің үлесі өзгеріссіз қалғанымен, жалпы көлемі 4,8 трлн теңгеден 5,2 трлн теңгеге дейін артты. Шетелдік эмитенттердің МБҚ үлесі де 14,2%-дан 16,3%-ға көтерілді.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтері жеке басқарушы компанияларға көптер беру керек деген пікір білдірген.